Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Максат Шағырбаев / Kazinform

2026 жылғы 28 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған:

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1486-1806 шақырым аралығы («Мирас» объектілік қызмет көрсету сервисі – Қызылорда қаласы).

Маңғыстау облысы:

- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-718 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Жетібай елді мекені).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 786 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Бұған дейін бүгін, 28 қаңтарда қай жолдар жабық екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар