Ауа райы бұзылып, Павлодар және Ақмола облысында жол жабылды
АСТАНА.KAZINFORM - ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Павлодар облысы:
2026 жылғы 6 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 254-416 шақырымы аралығында (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Ақмола облысы:
Бүгін, 6 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана – Қорғалжын» автожолының 36-180 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында қалың тұманға байланысты жүргізушілерге жолда сақ болу ескертілді.