Ауа райы бұзылып, үш облыста жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Павлодар облысы

Бүгін, 8 қараша сағат 16:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Шідерті-Успенка- РФ шек.» 255-416 шақ., (Шідерті ауылынан- Атамекен ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Шектеу қойылған жолдар туралы толық ақпаратты www.qaj.kz сайтындағы «Ақпараттық картадан» көре аласыздар.

Сонымен қатар бүгін, 8 қараша сағат 16:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін).

Жолды 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін ауа райына байланысты екі облыста жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар