Ауа райына байланысты Абай облысындағы автожолда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

– 2025 жылғы 12 наурыз сағат 22:30-да Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек.» автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - Көкпекті а.) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қолайсыз ауа райына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар