22:28, 10 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ауа райына байланысты Батыс Қазақстанда үш автожол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеуге қатысты хабарлама жариялады.

Келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Батыс Қазақстан облысы:
- Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 273-392 шақырым аралығындағы учаскесі (Барбастау ауылы - Жымпиты ауылы);
- Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласы - РФ шекарасы);
- Атырау-Орал автожолының 372-492 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақжайық ауылы - Орал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал жолында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.