Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

3 облыста көлік қозғалысы шектеле
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгін, 20 желтоқсан сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін);

Жолды 2025 жылғы 21 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

«Қазгидромет» 20 желтоқсанға жасалған ел аумағындағы синоптикалық жағдайлар мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар