Ауа райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысы шектелді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

4 наурыз сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда қоғамдық және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

– «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтық елді мекені – Қостанай облысының шекарасы);

– «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы). 

Қостанай облысы:

– «Қостанай–Әулиекөл–Сурган» автожолының 8-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласы– Октябрьский кенті);

– «Қостанай – Мамлютка» автожолының 180-330 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Мендіқара кенті);

– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, км 555 – 729 (Тобыл қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы); 

– «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы). 

 Солтүстік Қазақстан облысы:

– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы – Тоқсан би ауылы); 

– «Қостанай – Мамлютка» автожолының 226-305 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Пресновка кенті). 

Айта кетейік, жолды ашу 2026 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-де жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Қазавтожол жүргізушілерге ауа райы жағдайына байланысты ескерту жасағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум