Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылатынын хабарлады.

– 2025 жылғы 17 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылады.
– 17 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысы) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - деді компаниядан.
Жолды 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
«Алматы-Өскемен» автожолында ірі жол апаты болғанын жазған болатынбыз.