Ауа сапасы нашарлаған қалалар саны күрт артты

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 20 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұдан бұрын еліміздің үш қаласында ауа сапасы төмендейтіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар