Ауа сапасы нашарлаған қалалар саны күрт артты

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pixabay.com

— 2025 жылғы 26 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент, түнде Астана, Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар