Аудандық ауруханаларда не өзгереді: Үкімет өңірлерге тапсырма берді
АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметте өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу мәселелері қаралды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, өңірлерде оңалту орталықтарын салу, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС қоймалық инфрақұрылымының құрылысы мәселелері қаралды.
Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарының іске асыру мерзімдерін сақтау, уақтылы қаржыландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті медициналық бұйымдармен жабдықтауды ерекше бақылауға алу тапсырылды.
Осыған дейін бір аптада Қазақстанда қандай жаңа нысандар ашылғанын жазғанбыз.