«Әуезовтің бөлтіріктері», «Жұлдыз» және Әуезов» кітаптары жарық көреді

Биыл Мұхтар Әуезов туралы екі кітап жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

кітап шығады
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіретін «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында 2023 жылдың соңына дейін Оразбек Сәрсенбайдың «Әуезовтің бөлтіріктері» және жазушы Мереке Құлкеновтің құрастыруымен «Жұлдыз» және Әуезов» атты кітаптар жарық көреді. Әр кітап 3 000 данада басылып шығып, еліміздің мемлекеттік кітапханаларына таратылады», – деді министрліктен агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, бүгін, 28 қыркүйек – қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күні. Алаш зиялыларының ізімен жүріп, алмағайып заманда Ахметтің (Байтұрсынұлы – авт.) ақылымен «елге ие боп қалған», амандығымен қазақтың пайдасына жарап, артына ұшан-теңіз еңбек қалдырған Мұхтар Омарханұлының туғанына 126 жыл толды. Осыған орай, ҚазАқпарат жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың Мұхтар Әуезовке жабылған бір жала жайында жазылған «Әуезов – «Сталиннің фавориті» емес!» деген мақаласын оқырман назарына ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар