Ауғанстанда жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңғы сағат 07:32-де Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Индонезияда күшті жер сілкінісі болды
Фото: oxu.az

Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік - 37.260, шығыс бойлық - 71.150.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 822 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.

Бұған дейін, 25 маусымда қазақстандық сейсмологтар Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеген болатын.

Соңғы жаңалықтар