Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1100-ден асты

АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстанда соңғы онжылдықтардағы ең күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1100-ден асты. Бұл туралы Ауған Қызыл Жарты Ай қоғамы хабарлады, деп жазады BBC.

Афганистан
Фото: aa.com.tr

Алдын ала мәліметке сәйкес, қаза тапқандардың нақты саны – 1124 адам.

Сондай-ақ кемінде 3251 адам жарақат алып, 8000-нан астам үй қираған.

Құтқару жасақтары қирандылар астынан аман қалғандарды іздестіруді жалғастырып жатыр.

Таулы өңірлердегі жағдай күрделі болғандықтан, кейбір елді мекендерге тек әуе арқылы ғана жету мүмкін болып отыр.

Көптеген тұрғындар апаттан кейінгі түнді ашық аспан астында өткізуге мәжбүр болды.

Батыс елдері зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына елдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар