Ауыл шаруашылығы санағына қатыспауға бола ма
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық санақтан бас тартқан жағдайда не болады? Бұл сауалға Ұлттық статистика бюросы департамент директорының орынбасары Нұржан Сәрсенбаев жауап берді.

— Бас тартқан жағдайда, ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтеміз. Бізде ауыл шаруашылығы санағының персоналы бар, олар жергілікті жерде бас тартқан адамдармен жұмыс істейді. Ең басты құралымыз халықты құлақтандыру, ақпараттандыру және маңызын түсіндіру. Бұл бағытта бекітілген жұмыс жоспар бар, соған сәйкес, жұмыс істеп жатырмыз, — деді Нұржан Сәрсенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикер ұлттық санаққа қатысу азаматтық парыз деп санайды және санақ ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды.
Бұған дейін интернеті жоқ елді мекендегілер онлайн ауыл шаруашылығы санағына қалай қатысады деген сауалға жауап іздеген едік.
Еске салайық, ертең елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталады.