«Аурухананы жеке меншігіне айналдырды»: Ақтөбеде бас дәрігердің үстінен 45 адам шағымданды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің үстінен жұмысшылар шағымданды. Барлығы 45 адам басшының мәдениеті мен қызметіне сын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы бойынша өткен жылы 4 аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті. Көбі шығын артып, сын айтылған соң қызмет орындарын босатты. Мәселен, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері оқушы өлімінен соң ауыстырылды. Ал қазіргі кезде Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағамбетовке қатысты тексеру жүріп жатыр.

«Аурухананы өзінің жеке меншігіне айналдырды, ешқандай заңға қарамайды деген арыз түсті. Ақтөбе қаласы мен Шалқарда үй салған екен. Әрі «түнде жұмысқа шақырады, іссапарға шыққанда ақша аудармайды, мәдениеті нашар. Осының бәрі шағым ішінде жазылған. Ешкім көрмеді, ешкім естімейді деп ойлауға болмайды. Бәрін халық біледі. Кім қандай көлікпен жүретінін, қандай үйде тұратыны белгілі. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген сөздер бар. Егер басшы арыз жазған адамдарды қудалайтын болса, бас дәрігердің өзі жұмыстан кетеді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Бас дәрігер әріптестерінің алдында әр адаммен кездесу жүріп жатқанын жеткізді.

«Қазір осы арызға қол қойған 45 адаммен жеке кездесіп, жұмыс жүріп жатыр. Бірлесіп анықтаймыз», - деді ол.

Алдағы уақытта бұл іс облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің бақылауында болады.
null

Соңғы жаңалықтар