Australian Open-2023: Қазақстандық теннисшілер жұптық сындағы бәсекелерді сәтті бастады

Е.Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 5-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина мен Павлюченкова 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Турнирдің 8-ракеткалары А.Данилина мен үндістандық Саня Мирза бастапқы кездесуін мажарстандық Далма Галфи – америкалық Бернарда Перамен өткізді.
Қазақстандық-үндістандық дуэт 1 сағат 15 минутқа созылған матчта қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Олар 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.
Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова екінші айналымда тайбэйлік Латиша Чань – чилилік Алекса Гуарачимен, ал А.Данилина мен С.Мирза украиналық Ангелина Калинина – бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның үшінші айналымға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер екінші айналымға өтті.
Юлия Путинцева үшінші айналымға шыға алмады.
Photo: ktf.kz