Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға сәл жетпей тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан тыс қалды.

Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға сәл жетпей тоқтады
Фото: ҚТФ

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Ә.Омарханов ATP рейтингісінде 1040-орында тұрған-ды. 

Оның үшінші айналымдағы қарсыласы жасөспірімдер арасында 18-інші, сондай-ақ ATP рейтингісінде 1473-сатыдағы швециялық Виллиям Рихтман еді.

Матч тартысты өрбіп, бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдылық танытты. 

Екіншісінде швециялық спортшы есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші сетте тай-брейкте Рихтманның жолы болды – 7:6 (10:6).

Ойын екі сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.
Ә.Омарханов өткен жылы ширек финалға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеевтің Португалиядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты.

Соңғы жаңалықтар