Аустралия ашық чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілер белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатысатындардың тізімі жарияланды. 

Бублик Шевченко
Фото: ҚТФ

Алдағы жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик және рейтингіде 95-орында тұрған Александр Шевченко бақ сынайды.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина, рейтингіде 71-орындағы Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қытайдағы іріктеу турнирінде үздік шыққан рейтингіде 283-сатыдағы Зарина Дияс арнайы шақырту алды. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина додаға қосылмақ. 

Сонымен қатар іріктеу сайыстарына Қазақстаннан әзірге Тимофей Скатовтың қатысатыны анық. Қалғаны кейін анықталады.

Аустралия ашық чемпионаты 12 қаңтар – 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді. 

Бұдан екі жыл бұрын Е.Рыбакина финалға дейін жетіп, белоруссиялық Арина Соболенкоға жол берген болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 18 жастағы Әмір Омархановтың әлемдік рейтингіде тағы бір үздік көрсеткішіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар