Аустралияда «катастрофалық» деңгейдегі өрт қаупі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның бірнеше аймағында экстремалды ыстық әлі де сақталлып отыр. Оңтүстік Виктория штаты үшін ертеңгі күнге өрт қаупінің деңгейі ең жоғары санатқа — «катастрофалық» деп көтерілді. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

орман өрті
Фото: Анадолы

BBC мәліметінше, елдің Квинсленд өңірінен басқа барлық штаты мен аумақтарында «күшті» және «экстремалды» ыстыққа байланысты ескерту жарияланған.

Виктория штатында ашық ауада от жағуға толық тыйым салынды. Өрттің жоғары қаупі салдарынан ертең шамамен 450 мектеп пен балабақша уақытша жабылады деп хабарланды. Өрт сөндірушілер Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттарындағы өрт ошақтарымен күресіп жатыр.

Аустралияның метеорологиялық бюросының өкілі Ангус Хайнс жұма күні ауа температурасы ең жоғары деңгейге жететінін және елдің солтүстігінің басым бөлігі үшін өте ыстық күн болатынын айтты.

Бұған дейін Мельбурнде ауа температурасы 41 °C жеткені хабарланған — бұл соңғы алты жылдағы максимум, Аделаидада 43 °C, ал астанасы Канберрада 37 °C-қа дейін көтерілген.

Осыдан бұрын желтоқсанның басында Аустралияда орман өрті 16 үйді жалмап, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар