Аустралиялықтарға күніне үш сағат тегін күн энергиясы беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралия жаңа үкіметтік бағдарлама аясында тұтынушыларға күн сайын кемінде үш сағат тегін күн электр қуатын ұсынатын болады. Бұл туралы 24 kg агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап, хабарлады. 

Күн энергиясы
Фото: Reuters

Solar Sharer деп аталатын бағдарлама Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Оңтүстік Австралия штаттарында, сондай-ақ Квинслендтің кейбір аумақтарында іске қосылады. Бұл — елдің ең тығыз қоныстанған оңтүстік-шығыс аймағы. Тұтынушылар күн энергиясын өндіру көлемі масималды жоғары болатын түскі уақыттарда тегін электр қуатын ала алады.

Өндірістің дәл осы шарықтау сәттеріндегі электр энергиясының артығы тәулік бойы тұтыну жүктемесін азайтуға және жалпы ел бойынша электр қуатының құнын төмендетуге мүмкіндік береді деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аустралияда ойын құмындағы улы заттарға байланысты шамамен 70 мектеп жабылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар