Аустрияда мектепте атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс туралы жаңалықты Еуропа ақпарат агенттіктері беріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Аустрияда мектепте атыс болып, бірнеше адам қаза тапты
Фото: pixabay.com.

ORF телеарнасының хабарлауынша, Аустрияның оңтүстік-шығысындағы Грац қаласында BORG Dreischützengasse көшесінде сағат 10-нан бері ауқымды полиция операциясы жүргізіліп жатыр. Мәліметке сүйенсек мектеп оқушыларының бірі атыс ұйымдастырған.

Жергілікті БАҚ адамдардың қаза тапқан және сегіз адамның жарақат алғанын хабарлайды. Сонымен қатар, атыс ашқан оқушы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Қазіргі уақытта барлық оқушы мен мұғалімдер мектеп ғимаратынан шығарылды.

Бұған дейін АҚШ-тың Хьюстон қаласында жаппай атыс болып, салдарынан 16 адам жарақат алған еді.

Соңғы жаңалықтар