Ауыл әкімдері халық алдында есеп беруде

АҚТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Мұнайлы ауданындағы арасын жалғыз тас жол айыратын Атамекен және Басқұдық ауылдарының тарихы да ұқсас.
None
None
1970 жылдары Ақтау қаласының жанында бой көтерген саяжайлар алабы 2007 жылы ғана ауыл болып құрылған болатын. Сол себепті, әрқайсысында бүгінде 20 мыңнан тұрғыны бар қос ауылда да газ, телефон, жол инфрақұрылымдары, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының ғимараттары әу бастан қарастырылмаған. Қос әкімнің бүгінгі берген есебі де, тұрғындардың сұрағы да осы түйткілді мәселелерді қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрғындарының басым көпшілігін оралман ағайындар құрайтын ауылдарда тұрмысқа қолайлы ахуал жасау үшін соңғы жылдары кешенді шаралар қарқынды жүзеге асып келеді. Ең өзекті мәселенің бірі газдандыру болса, екі ауылда газ құбырларының құрылысымен қатар, бірқатар үйлерге көгілдір отын беріліп те отыр. Қос әкім биылғы жылдың аяғына дейін газдандыру мәселесі толық шешіледі деп жоспарлап отырғандығын айтады. «Білім беру саласында ауылымыздан 3500-дей оқушы Ақтау қаласындағы 11 мектепте білім алады. Олар 18 автобуспен тасымалдануда. 2008 жылы 640 орындық мектептің құрылысы жоспарланып, 2009 жылы бітіру қарастырылған. Бұдан басқа да «Жалын» елді мекенінен 1200 орындық мектеп құрылысына 6 гектар жер телімі бөлініп, жобалық смета құжаттары дайындалуда», дейді Атамекен ауылының әкімі Қойшы Түркіменбаев.«Денсаулық сақтау саласы бойынша селолық округімізде ауылдық 8 орындық бастапқы дәрігерлік санитарлық амбулатория салынды. Құрылысына 73 млн. теңге жұмсалған амбулатория қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетуде. Мнда 34 адам жұмысқа алынды. Селомызда 1 және 1-5 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде», дейді Басқұдық ауылының әкімі Насреддин Көшербаев.
Соңғы жаңалықтар