Ауыл тұрғындары «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы арқылы өз кәсібін жүргізіп отыр - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары арасында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, кәсібін жолға қою кеңінен танымал. Бұған дәлеле ретінде бір ғана Әйтеке би ауданында 2016 жылға бөлінген 217 млн. теңгенің 110,8 млн.теңгесі игерілгенін айтуға болады.
None
None

- Аталған бағдарлама бойынша кепілдік ретінде ауылдағы жылжымайтын мүлік қабылданады. Несие бойынша 6 пайыз көлеміндегі пайыздық мөлшерлемені де кәсіпкерлеріміздің қалтасы көтереді, - деді Әйтеке би ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Мұрат Сейтенов.

Мәселен, өткен жылы Әйтеке би ауданына шағын несиелендіру үшін 69 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 50 тұрғын өз ісін ашты.

Мәселен, бағдарламаға 3-топтағы мүгедек Самат Сердалин қатысты. Ол 550 мың теңге көлеміндегі шағын несиеге өз кентінде бірінші болып аяқ киім жөндеу орнын ашты.

- Кентімізде 300 үй бар. Клиенттерім шеберхана ашқаныма қуанды. Көбіне қыс мезгілінде көмегіме жүгінетіндердің қатары қалың. Тұрғындардың санына қарай аяқ киім жөндеу шеберханасын ашуға болады деп ойлаймын, - деді С.Сердалин.

Соңғы жаңалықтар