Автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылатын болады

АСТАНА. KAZINFORM — Автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылатын болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

автомектеп
Фото: Pixabay

Оның атап өтуінше, жол қауіпсіздігі саласында цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 19 мың жүргізші әкімшілік қамауға алынып, 22 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. 

— Осыған қарамастан жолдардағы жағдай күрделі. Апаттың бірнеше себебі бар. Жүргізушілердің дайындық деңгейі төмен. Олар жылдамдықты асырып, басып озу кезінде тәуекелге барады. Рульде ұйықтап кетеді, — деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министрдің атап айтуынша, 2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ.

— Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы өздігінен дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібі бойынша түзетулер енгіземіз, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар