Аягөз қаласына таяу маңда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 03:32-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 569 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0, магнитудасы - 5. Тереңдігі - 10 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша Аягөзде жер асты дүмпуі 3-4 балл деңгейінде сезілді.

Соңғы жаңалықтар