Аягөзде қарақшылар ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 25 жастағы ер адамның үйіне қарақшылық шабуыл жасаған екі азаматты ұстады. Бұл туралы бүгін брифингіде ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

«Қаскүнемдердің бірі өзін үй иесінің ағасымын деп таныстырып, есік ашылған бетте әлгі екеуі беттерін шарфпен қымтап, үйге баса-көктеп кірген. Сосын пышақпен қорқыту арқылы жәбірленушінің 300 мың теңге көлеміндегі ақшасын, екі ноутбук пен бірнеше ұялы телефонын қолды қылып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрап отыр», - дейді Н.Ораз.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, олардың үстілерінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар