Аятолла Хаменеи Табаста қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты

АСТАНА.KAZINFORM – Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп жазады ИРНА агенттігі.

Аятолла Хаменей
Фото: ru.irna.ir

«Мейірімді Алланың атымен Табас көмір кенішіндегі қайғылы оқиғаның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккен кеншілердің жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын», - делінген Әли Хаменеи жолдауында.

«Мен үкімет тарапынан қайғылы оқиға болған жерге жіберілген құтқару күштерін зардаптардың ауқымын жоюға көмектесуге шақырамын»,- деді аятолла Хаменеи.

21 қыркүйекте Маданжу шахтасының екі блогында 250 метр тереңдікте метан жарылысы болды. Оқиға кезінде шахтада 69 жұмысшы болған. Кемінде 51 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды.

Осыған дейін Иранның көмір шахтасында жарылыс болып, 30 адам қаза тапқаны хабарланды.

Кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар