Айбар Қайым семсерлесуден кадеттер арасындағы әлем кубогы кезеңінде үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбар Қайым Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды.

Айбар Қайым семсерлесуден кадеттер арасындағы әлем кубогы кезеңінде үздік атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы қылыш қаруымен айқасудан өткен жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, финалда Қайым венгриялық Кенде Фодорды 15:12 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түскенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар