Айдаладағы 500 метр: Ақтөбеде бір үзік жол жүргізушілердің ашуын туғызды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде небәрі 500 метр болатын жол бар. Мердігер былтыр бастаған жұмысын биыл аяқтауы тиіс.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Сарат-Тұмабұлақ аудандық маңызы бар жолдың небәрі 500 метрі және 1 шақырымы салынған. Биыл жоспардағы 24 шақырым жол түгел аяқталуы тиіс.
— Жолдың 48-60 және 60-72 шақырымдары аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Жоба екі жылға қарастырылған. Былтыр 24 шақырымына толық негіздемесін төсеу жұмыстары істелді және екі учаскеде 1 шақырым және 500 метр асфальт жабындысы төселіп үлгерген. Жақын арада асфальт төсеу жұмысы жалғасады. Мердігер компания техникаларын 1-2 күнде әкеледі. Асфальттау жұмысының қаражаты биылға қаралған жұмыс істелген соң төленетін болады, — деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жолдың 48-60 шақырымы аралығына былтыр 376,7 млн теңге бөлініп игерілді, биыл 353 млн теңге қарастырылып отыр. Ал 60-72 аралығындағы жол учаскесіне былтыр 386,8 млн теңге берілді. Биыл 379,1 млн теңге жұмсалады. Келісімшарт бойынша жол құрылысы қараша айында дейін аяқталуы тиіс.
Бұған дейін Ақтөбеден Ресей шекарасына дейінгі аралықта бірнеше көлік жолда қалды. Жолдар құбыр салу үшін уақытша жабылып, жаңбыр жауған күні қатынас қиындаған еді.
Бұған дейін Ақтөбеден Ресей шекарасына дейінгі аралықта бірнеше көлік жолда қалды. Жолдар құбыр салу үшін уақытша жабылып, жаңбыр жауған күні қатынас қиындады.