Айдос Ербосынұлының әлем чемпионы атағы үшін айқасын қайдан көруге болады

Ербосынұлы-Моррель айқасы 6 қараша күні таңертең АҚШ-тың Миннеаполис қаласында болады. Басталуы – астана уақытымен сағат 08.00-де. Жекпе-жек Куба боксшысына тиесілі WBA Super нұсқасы бойынша әлемнің «тұрақты» чемпионы белдігі үшін өтеді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшының рингке шықпағанына бір жылдан асты: 2021 жылдың қыркүйегінде ол Гайана елінің өкілі Леннокс Алленмен (22-2-1, 14КО) қолғап түйістіріп, оны оныншы раундта нокаутқа жіберді. Екінші орта салмақтағы Айдос Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қазіргі рейтингісінде 1-орында тұр.
Ербосынұлы-Моррель кездесуінің андеркардында тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді – әуесқой бокста ұлттық құраманың экс-капитаны Абылайхан Жүсіпов профидегі екінші айқасын өткізеді.
Еске салайық, қазақстандықтар 13 қараша күні таңертең Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8КО) британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14КО) қарсы жекпе-жегін де тікелей эфирден көре алады.