Айдос Хамиев Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарады
Айдос Хамиев қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды.
Ол 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін азаматтық, өнеркәсіптік құрылыс және қала шаруашылығы мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын «Бисентин» ЖШС құрылыс уческесінің шебері болып бастаған.
2008-2015 жылдар аралығында Маңғыстау облысының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Жамбыл және Ақмола облыстарының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.
2015-2021 жылдар аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысының құрылыс және энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жетекшілік еткен.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Астана қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.