22:55, 01 Қазан 2025 | GMT +5
Әйелдер экипажы ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда алғаш рет әйелдер экипажы ғарышқа ұшады, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

Олар Юлия Бакирова, Әсем Қуандық, Дарья Комарова және Линара Жәдігерова.
Төртеуі де Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың қызметкері.
Олар 10 тәулік бойы ғарыш кемесінің көшірмесіне ұқсайтын арнайы жерүсті модуль-имитаторында болады.
Оны ғарышкер, Қазақстан батыры Айдын Аймбетовтің бастамасымен Eurasian Ventures Group компаниясы әзірлеген.
Айта кетейік бүгін Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «SANA-1» бірегей зерттеу жобасы іске қосылды. Бұл модуль ғарышқа ұшқандай әсер қалдырады.
Осыдан бұрын Қазақстан үш ғарыш аппаратын экспорттаудан 75 млн доллар табыс алатыны анықталды.