Әйелімен ұрсып қалған ақтөбелік көшеде бейтаныс адамға оқ атты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны көшеде бейтаныс адамға оқ атты. Ол ішімдік ішіп, әйелімен ұрсып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр: instagram.com/polisia_aqtobe/

Оқиға түнде сағат 02:00 шамасында тіркелді.

Полицияның 102 пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адамға оқ атылғаны туралы хабар түсті.

«Күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Полиция капитаны Мақсат Дастан мен полиция аға лейтенанты Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Ол Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйелімен жанжалдасып, кейін көпқабатты үйдің ауласына шыққан. Өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Ақтөбеде түнгі клубтағы екі адамның өліміне қатысты іс сотқа түсті.

Барлығы 16 айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жауап береді. Оқиға былтыр қазан айында болды.

Ақтөбедегі Елек өзенінің жағасынан екі адамның денесі табылды.

Екеуін де қинап өлтірген. Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың хабарлауынша, хабар алдымен қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығына түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)


Соңғы жаңалықтар