Әйелімен жанжалдасқан қытайлық автобусты аударып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда автобустағы жолаушының жүргізушімен рульге таласып, салдарынан көлік аударылып кетті.
Қолда бар ақпаратқа қарағанда, мұндай оқыс әрекетке баруға ер адамды әйелімен арадағы ұрыс-керіс итермелеген.
Гуандун провинциясында болған оқыс оқиға жайлы түсірілген видеоны YouTube - парақшасына CGTN теларнасы жариялады.
Апат салдарынан сегіз адам зардап шекті. Оған кінәлі адам тұтқынға алынды.
Жергілікті көлік департаменті роликтің шынайы екендігін растады. Келеңсіз оқиға Дунгуань мен Гуанчжоу қалаларын жалғастыратын күре жолда болған.