Әйелін өлтірмек болған ақтөбеліктің ісі сотқа жіберілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе прокуратурасы әйелін өлтірмек болып, кейін тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктінің ісін сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелін өлтірмек болған ақтөбеліктің ісі сотқа жіберілді

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы өз әйеліне қастандық жасап, кейін тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты істі тергеп, кейін сотқа жіберді.

«Прокурордың айыптау актісіне сүйенсек, күдікті ішімдік ішіп, әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Кейін осы пышақпен өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Алайда оған жедел медициналық жәрдем көрсетіліп, күдікті ойына алған ісін аяқтай алмады. Кейін тергеу изоляторына отырып, тағы өз денесін жаралап, жедел жәрдем ауруханасының мамандандырылған палатасына жатқызылды. Сол жерден қашып кетіп, қолға түсті», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, биылдан бастап үш буынды модель қолданысқа енгізілді. Талап бойынша прокурорлар тергеу дәлелдемелеріне сүйене отырып аса ауыр қылмыстық істердің айыптау актісін жазады.