АЙМАҚТАР ЕСЕП БЕРУДЕ: Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалы жаңа деңгейіне бастайды - Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе жерінің қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер шоғырланған, облыс хром қоры бойынша әлемде жетекші орында келеді. Облыстың үш ауданында Қазақстанның көмірсутек шизкізатының барланған 10 пайызға жуығы және 30 пайыз болжамдық қоры шоғырланған. Осы зор әлеует ойдағыдай жүзеге асырылуда - аймақта мемлекеттік қана емес, халықаралық ауқымдағы бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына аймақтың қандай нәтижелермен келгені жайында ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен сұхбаттасты.
- Архимед Бекежанұлы, облыс Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшылар қатарында келеді. Индустрияландырудың аймақтық және республикалық карталарына енгізілген ірі инновациялық жобалар қалай игеріліп жатыр?
- Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан облысымыздың экономикасы орнықты және серпінді дамып келеді, оған негізгі көрсеткіштердің жыл сайынғы өсімі дәлел. Егер 1994 жылы Ақтөбе облысының аймақтық жалпы өнімі 21,6 млрд. теңгені құраса, алты жылдан кейін бұл көрсеткіш бес есе өсіп, 105,2 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы тағы 5 есе артты. 2010 жылы жалпы аймақтық өнім жаңа межеге жетіп, 1 триллион 151 миллиард теңге болды. 2011 жылға болжам бойынша, Ақтөбе аймағында жалпы аймақтық өнім 1 триллион 300 миллиард теңгеге жетпек, немесе жан басына шаққанда 11 мың доллар көлемінде болмақ.
Көп жағдайда бұған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз еу жөніндегі дер кезінде қолға алған шаралары, сондай-ақ отандық экономиканы дамудың сапалық жаңа деңгейіне шығаратын жаңа бағдарламалар, соның ішінде ҮИИДМБ жәрдемдесті деп ойлаймын.
Біздің облысымыздың мысалында аймақта тарихи жағынан алып қарағанда дәстүрлі өнеркәсіп өндірісінің кен өндіру секторы дамып келді, дегенмен соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өрістей түсу үрдісі байқалады, жаңа индустриялық-инновациялық өндірістер пайдалануға берілді. Бұлар - әйнек-пластикалық, эпоксидтық құбырлар, ұялы бетон, мұнай жабдықтары өндірістері зауыттары, сондай-ақ Батыс Қазақстандағы бірден-бір жарылғыш заттар зауытын, форфор ұнын өндіретін зауытты айтуға болады.
2011 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің бұрын-соңды болмаған 1 триллион теңге көлеміне қол жеткізілді, бұл 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 107,9 пайызды құрайды. Бұған мұнай немесе басқа да ресурстарды өндіру көлемін ұлғайту арқылы жетіп отырған жоқпыз. Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл асқан сайын арта түсуде, оған қолайлы инвестициялық ахуал, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын табысты жүзеге асыру, сонымен қатар ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы септігін тигізді.
Машина жасау, химия өнеркәсібінде жоғар технологиялы өндірістер шапшаң қарқынмен өсіп келеді, сондай-ақ басқа да салаларда елеулі өсім бар.
2010 жылы облысымызда ҮИИДМБ-ның 24 жобасы жүзеге асырылды. 2011жылдың қорытындысымен 27 инновациялық өндірістерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың барлығы да мерзімінде пайдалануға бермілмек.
Аймақтың ірі мұнай өндіретін компаниялары ілеспе мұнай газын толық пайдаға жарататын, экологиялық маңызды проблемаларды щещуге көмектесетін жобаларды іске асыруда.
«СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ индустрияландыру картасына енгізілген екі жобаны жүзеге асыруда - бұлар Кеңқияқ тұзды кенішінде газлифт компрессорлық стансысы және ағынды суларды тазартып, жер қойнауына айдайтын қондырғы. Жобалар мұнай өндіруді ұлғайтуға, су қорларын кешенді пайдалануға бағытталған. Бұл жұмыстар аяқталып келеді. Республикалық индустрияландыру картасы бойынша үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде, оған жұмсалатын инвестициялар 118 миллиард теңгені құрайды. 2013 жылы зауыттың екінші және үшінші кезегін салу жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба мұнай газын толық пайдаға асырып, газды халықаралық стандарттар бойынша шығаруды көздейді.
2011 жылғы желтоқсанда аймақтық индустрияландыру картасы ауқымында Әлібекмола және Қожасай кеніштерінде құны 41,7 млрд. теңгенің «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС-ның газды пайдаға асыру кешені пайдалануға беріледі. Ол 420 миллион текше метр ілеспе газды өңдеп, оны пайдаға жарату мәселесін шешетін болады.
Жыл аяғына дейін тағы бір ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз - «Қазкупер» компаниясы катод мысын өндіру зауытын қатарға қосады, мыс өндірудің мұндай инновациялық технологиясы Қазақстанда бұған дейін болған жоқ.
- Ауыл шаруашылығындағы жобаларда да инвестициялық сипат бар ғой...
- Иә.Ақтөбе облысында ылғал сақтайтын, астық өндірісіндегі нөлдік технологиялар, тамшылатып суару және гидропоника, жоғары өнімді малды пайдалана отырып, сүт пен ет өндіру сияқты инновациялық технологияларды енгізуге негізделген өндірістер құрылуда.
Тұтастай алғанда, 2011 жылдың аймақтық индустрияландыру картасына 21,5 млрд. теңгені құрайтын АӨК-тің 8 жобасы енді. 1100 бас іріқараға арналған тауарлы-сүт фремасы, жылына 1500 тонна көкөніс өндіретін жылыжай кешені, жылына 3200 тонна шошқа етін өндіретін мал шаруашылығы кешені, жылына қуаты 100 млн. жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы пайдалануға берілді. Бірқатар жобаларды жыл аяғына дейін іске қосамыз.
Біз сондай-ақ мал шаруашылығын дамыта отырып, етті экспортқа жөнелтуге бағыт ұстап отырмыз. 2016 жылы біз экспортқа 16 мың тоннаға дейін ет жөнелтуді көздеп отырмыз. Бес жыл ішінде аймақта 5 300 басқа арналған асыл тұқымды шаруашылықтар, 10 000 басқа арналған мал бордақылау алаңын жасақтау, 15 500 басқа арналған тауарлы аналық мал өсіруді жосапарлап отырмыз. «Ақтөбе ӘКК қазірдің өзінде Ақтөбе облысының оңтүстік аудандарында жүзеге асырылатын жайылымдық қой шаруашылығын қайта түлету жобасын жасап шықты.
- Облыс арқылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі өтеді. Транзиттік дәліздің қанша бөлігі салынып бітті?
- 215 шақырымға созылатын «Қарабұтақ-Ырғыз-Қызылорда облысының шекарасы» жолының алғашқы учаскесі пайдалануға берілді. «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» учаскесінің құрылысы жүріп жатыр. Халықаралық дәліздің Ақтөбе облысы арқылы өтетін аумағын 2012 жылдың аяғына қарай аяқтау көзделіп отыр. Халықаралық магистральдың құрылысы аймақтың дамуына, көліктік-логистикалық саланың дамуына қосымша серпін берері анық, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері кеңейіп, ауыл халқы үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.
- Ақтөбе облысында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен қатар шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына деген көзқарастары қандай болды?
- Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен экономиканы әртараптандыруға ғана септігін тигізіп қоймай, қоғамның, әсіресе, ауылдың әлеуметтік-экономикалық өмірінің жақсаруына көмектесетінін жақсы білеміз. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту облыстық әкімдігі жұмысының басым бағыты болып табылады.
Бүгінгі таңда ел үкіметі қабылдаған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кеңес алудан бастап, оқу, пайыздық үстемақыны несиелендіру және инженерлік инфрақұрылымды үйренуге дейін кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мұны бірден түсінді, қазірде екінші деңгейлі банк пен облыс әкімдігіне кәсіпкерлерден түсетін өтініштер саны күн санап артуда.
Біздің аймақ пайыздық үстемақымен несие алу жөніндегі жасалған келісімшарттар саны бойынша республикада алдыңғы орында келеді. Жыл басынан бері жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге болатын осындай 57 келісімшартқа қол қойылған.
- Облыста тұрғын үй құрылысы, әсіресе тұрғын үй жинақтау бағдарламасы бойынша баспана құрылысы үлкен қарқынмен алға басып келеді...
- Соңғы үш жылда «Тұрғын үй жинақ банкі» филиалының депозиттік базасының деңгейі 1,8 миллиард теңгеден 5,8 миллиард теңгеге артқан. Менің ойымша, халық тұрғын үй жинақ банкінің бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізуге болатынын түсінді. Соның нәтижесінде Ақтөбе облысы тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй жинақ бағдарламасын жүзеге асыру деңгейі бойынша сеніммен алға жылжып келеді, осы жылдың өзінде-ақ біз 393 пәтерді пайдалануға береміз, бұл республикалық көрсеткіштің 39 пайызын құрайды. 2012 жылы 516 үйді, ал 2013 жылы тағы 654 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал бұл дегеніміз - үш жыл ішінде мың жарымнан астам ақтөбелік отбасы баспаналы болады деген сөз. Осымен екініші жыл қатарынан, арбаға таңылған мүгедектерге арналған кіреберісі кең, лифтілері үлкен, барлық жағдай жасалған көпқабатты пәтерлердің құрылысы жөніндегі арнайы жоба жергілікті бюджет есебінен іске асырылуда.
2008 жылы Ақтөбеде алғашқы 40 пәтерлік үй пайдалануға берілген, биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып 33 пәтерлі үй салынып бітті.
- Өңірде тәуелсіздік жылдары жаңа мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандар бой көтерді. Ақтөбе облысы - халықты әлеуметтік қолдаудың бірегей жүйесі енгізілген еліміздегі бірден-бір аймақ...
- Экономиканың артуы арқасында әлеуметтік саланы қаржыландыру деңгейі де өсті. Мысалы, 2000-2010 жылдар аралығында әлеуметтік салаға тартылған қаржы 8,4 млрд. теңгеден 62,7 млрд. теңгеге жетті. Соның ішінде білім беру саласына жұмсалған қаржы 9 есеге, денсаулық саласына бағытталған ақша мөлшері 10 есеге, мәдениетті дамытуға бөлінген қаражат 4,7 есеге, әлеуметтік қорғау саласына арналған ақша 2 есеге артты. Егемендік жылдарында Ақтөбе облысында 54 мектеп, 89 денсаулық сақтау нысаны салынған.
«Балапан» бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асып жатыр, бұрынғы балабақша ғимраттарын қайтару мен жаңа балабақша құрылысы бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеудеміз. Атқарылған жұмыстардың арқасында, 2000 жылдан бері мектапалды білім беру ұйымдарының саны 76-дан 503-ке жетті, соның ішінде 255 шағын орталық бар. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бүлдіршіндердің мектепалды біліммен қамтамасыз етілуі 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 85,3 пайызын құрады.
Жыл сайын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне белсенді ат салысқан тұлғалар, соның ішінде дәрігерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ журналистері бағалы сыйлықтармен және ақшалай жүлделермен марапатталады.
Біз азаматтардың, әсіресе жасардың әлеуметтік белсенділігіне әрдайым қолдау танытып отырамыз. Өздеріңіз білетіндей, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі ақтөбелік жасотандықтарың бастамасы Мемлекет басшысының қолдауымен республиканы түгелдей қамтыды. 2011 жылы «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты ІІ облыстық марафон-эс тафета «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына - 20 екпінді еңбек апталығы» ұранымен өтті, оған 92 мыңнан астам адам қатысты.
Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен олардың жесірлері, интернационалист-жауынгелер, Чернобыль апатына қатысушылар коммуналдық төлемдерді төлеуден босатылған, ал тыл еңбеккерлері қызметтің 50 пайызы үшін ақша төлейді. Ақтөбеде зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүрсе, студенттер мен оқушылар үшін жеңілдік қарастырылған. Біз осындай қолдауларды өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептейміз.
- Сұхбатыңызға рахмет.