Аймауытов театры 36-шы маусымын «Жас Абай» трагедиясымен ашты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Аймауытов театрында 36-шы маусым ашылды. Ұжым жаңа маусымды Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырып, Мұхтар Әуезовтің «Ерте ояндым, ойландым… Жас Абай» қойылымымен бастап кетті.

Аймауытов театры 36-шы маусымын «Жас Абай» трагедиясымен ашты
Фото: Аймауытов театры

«Ерте ояндым, ойландым… Жас Абай» трагедиясы — ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани оянысы мен халқының қамын жеген терең ойларын бейнелейтін театрлық қойылым. Бұл спектакльде жас Абайдың жүрегін мазалаған сұрақтар, ел ішіндегі надандық пен жалқаулыққа қарсы ішкі күресі, әділет пен білім жолындағы ізденісі көркем сахналық образдар арқылы өріледі.

Аймауытов театры 36-шы маусымын «Жас Абай» трагедиясымен ашты
Фото: Аймауытов театры

Қоюшы режиссері — Әділет Ақанов.

Аймауытов театры 36-шы маусымын «Жас Абай» трагедиясымен ашты
Фото: Аймауытов театры

Театрдың көркемдік жетекшісі Әділет Ақановтың айтуынша, жаңа маусымда театр ұжымы екі бірдей халықаралық театрлар фестиваліне шақырту алып отыр. Оның бірі 12-17 қыркүйек күндері Жезқазған қаласында өтетін Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестивалі болса, екіншісі — 23-27 қыркүйек күндері Ақтөбеде өтетін Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығына арналған VIІ халықаралық «Balausa» экспериментальді спектакльдер фестивалі.

Аймауытов театры 36-шы маусымын «Жас Абай» трагедиясымен ашты
Фото: Аймауытов театры

Ал алдағы маусымда актерлер өз көрермендерін 4 жаңа премьерамен қуантуды ұйғарған. Оның бірі — Мұрат Қолғанаттың «Мұғалім» қойылымы. Әлеуметтік драма бүгінгі қоғамдағы ұстаздардың рөлі мен мәртебесі туралы мәселені көтереді.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы театрлардың 79,7%-ы мемлекет меншігінде.

Соңғы жаңалықтар