Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша үкім қашан шығады

АСТАНА. KAZINFORM –  Сот процесі кезінде айыптаушы жақ тергеу барысында кеткен бірқатар қайшылықтар бар екенін алға тартты.

Причиной стала ревность: прокурор огласил обвинение по делу об убийстве Айзат Джумановой
Фото: Айзат Жұманованың туыстарынан

Прокурор қайғылы оқиға болған күні тергеу әрекеттеріне қатысқан қосымша куәгер – тергеуші Дәулет Кәріпжановтан жауап алуды сұрады.
Сот барысында оқиға болған жерді қарау хаттамасында жатын бөлмеден қызыл түсті Samsung маркалы ұялы телефон тәркіленгені көрсетілген. Алайда Даулет Кәріпжановтың айтуынша, іс жүзінде оқиға орнында ұялы телефон болмаған.

– Маған қоңырау шалып, Талдықорғанда Жұманованың мәйіті табылған жерге жеткенін, сол жерде телефонды алғанын айтты. Бірақ кім хабарласқанын нақты есімде сақтай алмадым. Бұл ақпарат маңызды деп есептеп, хаттамаға енгіздім, – деді ол сотта.

Когда озвучат приговор по делу об убийстве Айзат Джумановой
Фото: Айгерім Көппаева/Kazinform

Жәбірленуші тарап өкілдері Айзаттың өліміне қатысты істе әлі де ескерілмеген жайттардың көп екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, бір телефонның әрі ауруханадан, әрі қылмыс орнынан табылуы түсініксіз күйінде қалып отыр. Олардың пікірінше, мұндай олқылықтар жүргізілген тергеудің толықтығы мен объективтілігіне күмән келтіреді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Зарина Мейрембаева соттың түпкілікті шешімімен келіспеген жағдайда, істі қайта қарауға қол жеткізетінін айтты.

– Үкіммен келіспесек, апелляциялық шағым береміз, Жоғарғы сотқа дейін барамыз. Қажет болса, халықаралық деңгейге де шығамыз, – деді ол.

Осыған байланысты жәбірленуші тарап барлық анықталған деректерді ескере отырып, істі қайта қарауды және сотталушыға барынша қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауды талап етіп отыр.

Когда озвучат приговор по делу об убийстве Айзат Джумановой
Фото: Айгерім Көппаева/Kazinform

Сотталушы Айбар Жанболат соңғы сөзінде болған жағдайға өкініш білдіріп, Айзаттың өліміне қасақана ниеті болмағанын айтты. Ол марқұмның туған-туыстарынан, жақындарынан және өз ата-анасынан кешірім сұрады.

– Болған жағдайға қатты өкінемін және жазаны көтеруге дайынмын. Айзаттың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Ортақ баламыздың жетім қалғанын түсінемін. Маған тағылған қасақана кісі өлтіру бабы бойынша айыппен келіспеймін, себебі оны өлтіру ниетім болған жоқ. Мен Айзатты жақсы көрдім және әлі де жақсы көремін. Құрметті сот, әділ үкім шығаруыңызды сұраймын, – деді сотталушы.

Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша үкім Ақсу ауданында 9 қаңтар күні сағат 10:00-де жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға былтыр маусым айының 21-інен 22-сіне қараған түні Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында тіркелген. Айзат Жұманова отбасындағы жанжал кезінде күйеуінің ұрып-соғуынан көз жұмған.

Бұған дейін прокурор Айзат Жұманованың күйеуін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Соңғы жаңалықтар