Әзербайжан сейсмологтері Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжандық сейсмологтар Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Биыл Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма – сейсмолог жауап берді
Фото: pexels.com

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады.

Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар