Ажар Салықова джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық Ажар Салықова джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола медалі үшін бақ сынайды.

Ажар Салықова джиу-джитсудан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдесі үшін күреседі
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы 63 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде иорданиялық Майя Ишакатпен кездесті. Белдесудің қорытындысы бойынша Ажар Салықова жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша қазақстандық спортшы қола жүлде үшін өтетін кездесуде БАӘ өкілі Шамма Әл-Калбанимен күреседі.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер командасы Азия жағажай ойындарында топтық кезеңде жеңіске жетті.

Үш қазақстандық спортшы джиу-джитсудан қола медаль үшін бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Жағажай волейболынан Қазақстан командалары жарысты сәтті бастады.