Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен Қырғызстаннан басым түсті

ХАРБИН. KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының керлингтен аралас жұптар арасындағы топтық кезеңі жалғасып жатыр.

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен Қырғызстаннан басым түсті
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

В тобында сынға түсіп жатқан қазақстандық жұп Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев төртінші матчында Қырғыз құрамасымен кездесті. Алғашқы кезеңде, қазақстандықтар 1 ұпаймен шектелді. Ал Қырғыз құрамасы екінші кезеңде 2 ұпай алып, алға шығып кетті. Қазақстан құрамасы осыдан кейін қатарынан екі кезеңде 3 ұпай еншілеп, 7:2 есебімен алға шықты.

Бесінші кезеңде қырғызстандықтар 3 ұпай алғанымен, отандастарымыз алтыншы кезеңде 4 ұпай еншілеп, жеңіске жақындай түсті. Осыдан кейін Қазақстан құрамасы қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ. Жетінші кезеңде отандастарымыз 1 ұпай алып, қортынды есеп 12:5 болды.

Айта кетерлігі, Бұл Қазақстан құрамасының аралас жұптар арасындағы екінші жеңісі. Олар осыған дейін 5:11 есебімен Қытайға, 0:12 есебімен Кореяға жол беріп, 7:4 есебімен Қатарды жеңген болатын.  

Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Соңғы жаңалықтар