Азық-түлік тапшылығы тәуекелін анықтаудың әдісі енгізіледі — Шаққалиев
АСТАНА. KAZINFORM — Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлікпен қамту, өнім қауіпсіздігі және баға мәселесін көтерді.

— Сауда саласында күн сайын 25 миллионнан астам фискалдық чек тіркеледі. Платформада электрондық шот-фактура мен кассалық чек дерегін салыстыруға негізделген сауда үстемесіне мониторинг жүргізіледі. Бақылауды күшейту үшін сатып алу және бөлшек бағаны айқындау баға өзгерісін анықтау тауар санаттары, өңірлер мен жеткізушілер бойынша үстеме деңгейін бағалауға қатысты аналитикалық платформа әзірлеп жатырмыз, — деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ведомство басшысы азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы дашборд енгізілетінін мәлім етті.
— Бұл азық-түлік теңгерімін бағалап, тапшылық тәуекелін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді, — дейді ол.
Сондай-ақ елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады.
Айта кетейік, елімізде жаңа сауда маркетплейсін іске қосу пысықталып жатыр.