Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды.

Бокс
Фото: Sports.kz

Аталған жас ерекшелігі бойынша еліміздің ерлер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құрлықтық дода финалында 13 спортшы шаршы алаңға шығады.

Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан - 5, Үндістан - 4 боксшыдан қосса, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан және Қытай бір-бір спортшысына үміт артады.

48 келі. Вишванат Суреш (Үндістан) - Ернар Қарап

51 келі. Асылбек Жалилов (Өзбекстан) - Кенже Мұратұлы

54 келі. Энсайхан Оюн-эрдене (Моңғолия) - Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Ерболат Сабыр - Нихил (Үндістан)

60 келі. Рамиш Горха (Үндістан) - Руслан Күзеубаев 

63.5 келі. Ерасыл Таңқай - Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)

67 келі. Ернұр Сүйінбай - Малик Прит (Үндістан)

71 келі. Сабыржан Аққалықов - Довуд Махамов (Тәжікстан)

75 келі. Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) - Диас Молжігітов

80 келі. Ализада Қайс (Ауғанстан) - Ерасыл Жакпеков

86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) -Самандар Жалолов

92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) - Ризабек Ашан (Қытай)

92 келіден жоғары. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) - Аманат Сабырғали

Ал, аталған жастағы қыздар арасында финалда Қазақстаннан - 10, Үндістаннан - 8, Өзбекстаннан - 5, Қытайдан - 1 боксшы бас жүлдені сарапқа салады.

50 келі. Гүлнар Тұрапбай - Таманна (Үндістан)

52 келі. Феруза Казакова (Өзбекстан) - Анита Адишева

54 келі. Прити (Үндістан) - Элина Базарова

57 келі. Әнел Сақыш - Пунам (Үндістан)

60 келі. Аягоз Майхесути (Қытай) - Шахназ Исаева

63 келі. Анар Тұрсынбек - Прачи (Үндістан)

66 келі. Айсанем Саруарова (Өзбекстан) - Ақнар Ишанова

70 келі. Санех (Үндістан) - Жасмин Қизатова

81 келі. Акрам Патан (Үндістан) - Диана Мағауияева

+81 келі. Диорахон Абдуманнобова (Өзбекстан) - Елдана Талипова.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Элина Базарова Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шыққан болатын. 

Соңғы жаңалықтар