Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Саматәлі Төлтаев жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен қолғап түйістірді.

Бұл жекпе-жекте С. Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол жартылай финалға шығып, кемінде қола медальға қол жеткізді.

Бүгін кешкі сессияда тағы төрт қазақстандық боксшы рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түскенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшы сынға түсетіні хабарланды.

Бұған дейін Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов жүлде алды.





Сурет olympic.kz сайтынан алынды.

Соңғы жаңалықтар