Азия ойындары: Ертуған Зейнуллинов моңғолиялық боксшыға есе жіберді
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарының бокс турнирінде Қазақстан құрамасынан Ертуған Зейнуллинов жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

63.5 келі салмақта бақ сынаған Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда сүрінді. Отандасымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері, моңғолиялық Баатарсух Чинзоригтен жеңілді.
Айта кетейік, бүгін сонымен қатар Карина Ибрагимова Азия ойындарының 1/4 кезеңінде моңғол спортшысы Намуун Монхорды 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Ол бокстан Парижге алғашқы жолдаманы жеңіп алды.
Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньнен жеңіліп, қола медаль алды.
Ал Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.
Бұған дейін 1 қазанда шаршы алаңға шығатын боксшылардың кестесін жариялаған болатынбыз.