БАӘ-де тоқтатылған рейс жолаушылары Оман арқылы арнайы рейспен Алматыға келеді

АСТАНА. KAZINFORM - Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

самолет, рейс, аэропорт, Air Astana
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:

KC2264 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
KC2258 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.
KC2254 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Жергілікті уақыт көрсетілген.

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

Айта кетейік, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум