Backstreet Boys қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Backstreet Boys тобы Қазақстан жұртшылығына қонақжайлық үшін алғыс білдірді.

 Backstreet Boys
Фото: instagram.com/backstreetboys

Әлеуметтік желідені ресми парақшасында Backstreet Boys тобы Қазақстанда алған әсерімен бөлісіп, бұл турды «ұмытылмас сапар» деп атады.

– Біз ұшып келген сәттен бастап кеткенге дейін өзімізді ерекше қонақ ретінде сезіндік. Бізді махаббат пен қамқорлық қоршап тұрды. Жолда кездескен көптеген адамның жомарттығын сезіндік және Астана мен Алматыдағы концерттерге келген әрбір жанкүйерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл шынымен де ұмытылмас сапар болды, – делінген жазба.

Сондай-ақ жазбада концерт пен сахна сыртындағы сәттерден фотосуреттер топтамасы жарияланған.

Еске салайық, 19 қыркүйек Алматыда Backstreet Boys концерті өтті.

Кейін әлемге әйлігі топ Астана концерт өткізді.

Соңғы жаңалықтар