Бағалы шаян аулайтын павлодарлық кәсіпкерлер лимитсіз қалуы мүмкін

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Шаян аулауға қатысты биологиялық негіздемелер аккредитациядан өтпеген ұйым тарапынан дайындалғанына байланысты Балық шаруашылығы комитеті лимиттерді алып тастаған. Салдарынаан артемия салина шаянын аулаумен айналысатын кәсіпкерлер лимиттен айырылды.

Бағалы шаян аулайтын павлодарлық кәсіпкерлер лимитсіз қалуы мүмкін
Фото: «Атамекен» өңірлік палатасы

Павлодар облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Ертіс бассейндік инспекциясының су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бойынша қызметін тексергенін хабарлады.

- Биологиялық негіздемелер аккредитациядан өтпеген ұйым тарапынан дайындалғанына байланысты Балық шаруашылығы комитеті сол негіздемеде көрсетілген лимиттерді алып тастады. Салдарынан артемия салина шаянын аулаумен айналысатын кәсіпкерлер бұл лимиттен айырылды. Су ресурстарын пайдаланушылардың аккредитациядан өтпеген ұйыммен жасасқан келісімі заңсыз деп танылды. Бұған дейін биологиялық негіздеме жасаған консорциум заңды тұлға болып табылмайды. Ал заң бойынша мұндай негіздемелерді тек заңды немесе жеке тұлғалар ғана жасай алады, – дейді өңірлік табиғат қорғау прокурорының орынбасары Тимур Трефилов.

«Атамекен» өңірлік палатасының өкілдері нормативтік-құқықтық базаны талдап, құжаттарды ресімдеудің басқа да заңды жолдарын қарастыру үшін жұмыс тобын құруды ұсынып отыр. Бұл бастама кәсіпкерлердің балық шаруашылығындағы жұмысын тоқтатпай, қажетті лимиттерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретініне сенімді.

Еске сала кетейік, Павлодарда артемия шаянын өңдейтін жасырын цех анықталды.

Соңғы жаңалықтар