Бағаны негізсіз өсірді деген 7 жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу жүргізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елімізде жұмыртқа бағасының өсуіне байланысты 7 жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағаны негізсіз өсірді деген 7 жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу жүргізілуде
«Жұмыртқа өндірісі нарығында бағаның өсуіне байқалады. Шымкент, Қостанай, Тараз қалаларында 7 жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу басталды, 14 өндірушіге бағаның төмендеуі туралы хабарлама шығарылды. Оның 7-і бағаны 6-дан 10% - ға дейін төмендетті», - делінген агенттік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген 2 құс фабрикасы тексерілген еді. Статистикалық мәліметке қарағанда, жұмыртқа бағасы бір айда 6 пайыз қымбаттаған.